Ақтөбеде абақтыға тыйым салынған зат өткізбек болған азамат жауапқа тартылды, — деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаладағы №70 тергеу изоляторында сәлемдеме арқылы телефон жеткізбек болған азамат құқық қорғау органдарының қырағылығы арқасында ұсталды.
Бұл – тек қарапайым құқық бұзушылық емес, еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесінде жиі кездесіп жүрген заңсыз әрекеттердің бір көрінісі.
Оқиға осы жылдың 10 мамырында болған.
ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігімен сотталған А.М.С-тың атына келген сәлем-сауқатты мұқият тексеру барысында тауық етінің арасына жасырылған LG телефоны табылып, тәркіленді.
Мекемеге сәлем-сауқатты әкелген 43 жастағы азамат ұсталып, жауапқа тартылды.