Зілтемірші Егор Шерер Азия чемпионатында қола жүлде алды

Бүгін, 09:17 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының 4-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз А тобында 3 сынға түсті. Олардың арасында жақсы нәтижені Егор Шерер (-89 кг) көрсетті. Ол қос сайыста 345 кг бағындырып, алғашқы жұлқа көтеруде қола медаль жеңіп алды (165 кг).

Ал Асылжан Бектай жұлқа көтеруде 157 кг еңсеріп, серпе көтеруде 3 мүмкіндігінде сәтсіздікке ұшырады. Әлібек Рахымберді (-81 кг) 329 кг (145+184) нәтижесімен 7-сатыдан көрінді.

Ерлер, -89 кг. А тобы:

1. Рел Кванг Ро – 380 кг (Солтүстік Корея 168+212)

2. Даин Ли – 379 кг (Қытай, 176+203)

3. Юнхуа Пан – 372 кг (Қытай, 163+209)

4. Егор Шерер - 345 кг (165+180)

Тэгтер:

Қола зілтемір Азия чемпионаты ауыр атлет Егор Шерер