«Өзі босанғандай алып шықты»: Актер Аян Өтепбергеннің анасы өзін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Бүгін, 06:37 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Танымал актер Аян Өтепбергеннің анасы өзін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, жақында актер Аян Өтепбергеннің тұңғышы дүниеге келген еді. Сәбиді перзентаханадан шығу сәтінде актердің анасы көзге түсті. Алайда көпшілік баласының қасынан қалмай жүрген анасын көріп, түрлі пікір қалдырған.

«Желіде хит болып жатыр екенмін, "жұлдыз" болу әп-сәтте екен... Таныстарым, әр желіден сүйреп әкеліп, маған көрсетуге асығуда... Бұл не, сонда? Еріккен ел не демейді. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын..

Менің ойымша, осыны жазған, ешқашан жақсылық көрмеген, қуанышты сезінбеген пенде-ау. Алла есіркесін. Не дейін, немеремнің арқасында, танымал болып жатқаныма. Сансыз шүкір, Аллаға», - деп жазды ол.