Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:00 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК ертең, 13 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде найзағай болады, ал күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ болады деп күтілуде, оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында найзағай мен бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі, облыс бойынша жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі, барлық аумақта өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталуда.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай мен бұршақ болжануда, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, ал солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ, түнде тұман күтіледі, кей жерлерде өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ, тұман күтіледі, жел екпіні 20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжануда, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, солтүстігі мен батысында өрт қаупі жоғары.

Абай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ пен найзағай күтіледі, жел 20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде болады.