Лифтіде бес жастағы баланы пышақтап тастаған жасөспірімге сот үкімі шықты

12 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Видеодан алынған скриншот

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде бес жасар бүлдіршінді пышақтап тастаған жасөспірімге қатысты іс сотта қаралды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Жасөспірім II топтағы мүгедек екенін, психоневрологиялық диспансерде есепте тұра отырып, 2025 жылғы 11 ақпанда тұрғын үй кешенінің лифтінде болған кезде кәмелетке толмаған адамның бетіне пышақпен жарақат салғанын анықтады.

«Сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес К. созылмалы психикалық аурудың салдарынан, әрекет кезеңінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қауіптілігін түсінбеген және оларды басқара алмаған, психикалық жағдайы бойынша өзіне және қоғамға қауіп төндірген. Мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. 

ҚК 16-бабының талаптарына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Есі дұрыс емес деп танылған адамға сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

Сот қаулысына сәйкес, жасөспірімге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - делінген Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарламасында.

Айта кетейік, Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жастағы балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастағаны хабарланған болатын.

Тэгтер:

Астана лифт Жасөспірім 5 жас