Түркістанда миллионнан аса қарызы бар жүргізуші ұсталды

12 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Түркістан облысы Төлеби ауданында айыппұлын төлемей жүрген көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, оның мемлекетке 1 миллион 300 мың теңгеден астам берешегі бар.

Қарызын төлеуге асықпаған жүргізушіні полицейлер Леңгір көшелерінің бірінен «Қорғау» жүйесінің көмегімен ұстаған.

Mersedes benz автокөлігін тізгіндеген ол тәртіп сақшылары жүргізген түсіндірме жұмыстарынан кейін қарызын дереу төлепті.
 

Тэгтер:

Полиция Түркістан жүргізуші