Түркия Сириядағы жаңа шабуылдарға дайындалып жатыр

Түркия Сириядағы жаңа шабуылдарға дайындалып жатыр

Түркия Сириядағы жаңа шабуылдарға дайындалып жатыр
ашық дереккөзі
Түркия президенті Режеп Тайип Эрдоған Анкара осы көктемде Сирияда террористерге қарсы жаңа шабуыл жасауды көздеп отыр деп мәлімдеді деп хабарлайды centralasian.org.  Өткен аптада Түркия былтыр тамыз айында «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларына және күрд жасақтарына қарсы бастаған операцияны аяқтағанын мәлімдеген. Эрдоған жаңа операция тыйым салынған Күрдістанның жұмысшылар партиясы және YPG күрд әскеріне (Өзін қорғау халықтық отряды) қарсы бағытталатынын атап өтті. YPG Сирияда ИМ-мен күресте Құрама Штаттардың одақтасты. Бірақ Түркия мұны террористік ұйым деп санайды. «Біз террористерге жету үшін өзге де аймақтарға жаңа операцияға дайындалып жатырмыз», - деді Эрдоған 3 сәуірде. Ол бұл операцияның қай жерде бастайтынын айтпады. АҚШ-тың Сирияның Ракка қарасында Түркиямен бірлескен ИМ-ге қарсы операциясы Вашингтонның YPG ұйымын қолдауына байланысты жүзеге аспады.