Ұшқыштың қателігі: 330-дан астам жолаушы мінген ұшақ отқа оранды

12 мамыр, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Лондондағы "Хитроу" әуежайында British Airways әуе компаниясының ұшағы өртеніп кете жаздады. Daily Mail дерегінше, Ванкуверге бағыт алған Boeing 777 ұшағында өрт әуеге көтерілу сәтінде тұтанған. Ұшақ бортында 334 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болған.

Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, екінші пилот жылдамдық 192 миль/сағ (шамамен 309 км/сағ) болғанда қозғалтқыш тартылысын басқару тұтқасын шатастырып алған. Соның салдарынан тежеу жүйесі қызып, өрт шыққан.

Ұшақ дереу қайта қонған. Өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті өшірді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға салдарынан әуежайда ондаған рейс кешіктіріліп, кейбірі мүлде тоқтатылды.

Тергеу кезінде 6 000 сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар пилот өзінің бұл қатесін неге жібергенін түсіндіре алмаған. Оған қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және ұшақтағы қауіпсіздік жүйелері қалыпты жұмыс істеп, апатты болдырмауға көмектескен.

Тэгтер:

өрт Ұшақ жолаушы ұшқыш от