Астана мен Алматыда мамырдың ортасында нағыз жаз болады. Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астананың ауа-райы
13 мамырда ауа-райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16 градус, күндіз +28+30 градус болады. Күн жылы, шайдай ашық болады.
14 мамырда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16 градус, күндіз +30+32 градус болады.
Күн ыстық болады. Бас киім ұмытпаңыз.
15 мамырда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17 градус, күндіз +31+33 градус болады.
Су ала жүріңіз, ыстықтан шөлдейсіз.
Алматының ауа-райы
13 мамырда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +27+29 градус болады.
Таза ауада серуендеуге таптырмайтын күн.
14 мамырда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде+16+18 градус, күндіз + 30+32 градус болады.
15 мамырда күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20 градус, күндіз +32+34 градус болады.