Көшеге қоқыс тастаған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

12 мамыр, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Астанадағы Ұлы дала көшесінің бойындағы рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. Жүргізушіге шара қолданылды.

Бұл шаралар қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында қабылданды.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері 45 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 570-ке жуық жүк және кәріз көлігі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Полиция мен экологиялық бақылау органдары заңсыз әрекеттерді анықтау және олардың алдын алу жұмыстарының ауқымын кеңейтіп жатыр.

Тэгтер:

жүргізуші қоқыс