«Босанып жатқанда шетінеп кетті»: Майра Ілиясова ел білмейтін сырын жария етті

12 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Жақында 70 жасқа толған әнші Майра Ілиясова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты ел білмейтін сырларын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі 37 жасында өміріндегі ең ауыр сынақты өткізгенін есіне салды. 

«Мен екінші баламды 9 ай бойы аман-есен көтеріп жүрдім. Босанып жатқанда дәрігерлердің қателігінен сәбиім шетінеп кетті. Менің басым айналып кетіп, дәрігерлер сұйықтық жалғарда мені құлатып алыпты. Қазақ «мүшел жаста бір қатер болады немесе қатты қуаныш болады» дейді екен. Міне, менің басымнан осындай жағдай өтті. Қазір жалғыз қызым Тоғжаным бар», - деді Халық әртісі.  

Тэгтер:

әнші Бала ана Майра Ілиясова