Банкке терезе арқылы кіріп, ақша ұрламақ болған азамат ұсталды

Бүгін, 12:20 / Алуа Арман
polisia.kz

Алматы полициясы екінші деңгейлі банк бөлімшесінен қолма-қол ақша ұрламақ болған азаматты ұстады. Қылмыс түнде жасалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен, брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған, - деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

— Аудандық жедел қызметкерлер мен біздің бөлімшенің қызметкерлерінің келісілген жұмысының арқасында ұрлық жасау әрекеті “ізін суытпай” ашылды. Бұл – профилактикалық бейнебақылаудың тиімділігінің және қызметкерлеріміздің жедел әрекет етуінің жарқын мысалы. Біз жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданамыз. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Тэгтер:

күдікті банк тонау ақша ұрлау