Қазақстандық оқушылар Азия физика олимпиадасында 8 медаль алды

12 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті. Барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

Қола медаль иегерлері:

Анықтама ретінде: Азия физика олимпиадасы — теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс. 2024 жылы қазақстандық оқушылар бір күміс, бес қола медаль және бір мадақтама алған болатын. Ал 2025 жылы команда толық құрамда жүлде алып, айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді.

Тэгтер:

Қазақстан оқушы Олимпиада Медаль физика Азия