Күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін оның үйіне заңсыз кірген. Танысының анасы мен өгей әкесін өлтіріп, танысын қамауда ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.
Облыс прокуратурасымен іс ерекше бақылауға алынып, процестік прокурорлар тобы тағайындалды.
Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған.