Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Бүгін, 11:37 / Інжу Әлихан
Akorda

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Тэгтер:

Ақорда Абу Даби мұрагер