Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Құбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Жартылай финалда Курбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.
Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.