Павлодар қаласының тұрғыны Instagram желісіндегі парақша арқылы 2 дана iPhone 16 Pro Max ұялы телефонына тапсырыс беріп, парақшада көрсетілген шотқа 1 160 000 теңге аударған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алайда тауар келмей, сатушының парақшасы бұғатталып кеткен.
Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты полиция тұрғындарды интернет арқылы сауда жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.
Мынандай қарапайым ережелерді есте ұстау ұсынылады:
- Сатып алудан бұрын сатушы туралы пікірлерді мұқият оқыңыз;
- Карта деректерін бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз;
- Интернет-сауда үшін жеке, аз көлемдегі қаражатпен карта ашыңыз;
- Төлемді тауар қолыңызға тиген соң жасауды таңдаңыз;
- Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз – жалған сілтемелерде жиі қателер болады.
Күдік тудырған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес беріледі.