Белгілі саясаткер, дипломат, журналист, саясаттанушы Қуаныш Сұлтанов мемлекеттік наградамен марапатталды Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды», - делінген хабарламада.