Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
жер сілкінісі бүгін, 12 мамырда Астана уақыты бойынша 06:33-те болған.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрі – 41,682º N 74,960º E. Тереңдігі – 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. MPV магнитудасы – 4,8», – делінген дүйсенбіде жарияланған сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы ЖШС сайтында.
Есептерге сәйкес, Қазақстан аумағында сейсмикалық белсенділік сезілген жоқ.