«Ұлы дала жорығы-2025»: Екінші кезеңде Қырғыз Республикасының бірінші командасы жеңіске жетті

12 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан

11 мамыр күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бəйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 17 команда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақты аулының маңынан жорықты жалғап, Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылының маңынан аяқтады.

Екінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғыз Республикасының бірінші командасы мəре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.

200 км қорытындысы

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды жəне бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.

Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы жəне Алматы облысының əкімдігі

Айта кетейік, «Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Тэгтер:

Ұлы дала жорығы Жылқы марафон бәйге