«Мен ұялмаймын»: танымал актриса жігіттің алдында ерсі би биледі (ВИДЕО)

Бүгін, 08:46 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар желіде ер адамның алдында ұятсыз билеген биін желіге жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер бұл биін өнер адамдары бас қосқан жиындардың бірінде биледі. Жүргізуші ортаға Әсел Асқарды шақырып, орындықтың алдында билеуін сұрайды. Актриса билеп жүріп ортаға жас жігіттердің бірін шығарып алады. Осыдан кейін оның алдында ойындағы биін билейді.

«Келесі жоба үшін Ануар ағаның алдында өзімді көрсетіп тұрмын. Менің ұятым жоқ, маған бәрі бір. Бастысы менің харизмам бар әрі ұялатын ешнәрсем жоқ», — деді актриса билеп болғаннан кейін.