Биыл маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің дін өкілдерінің мәліметтеріне сүйене отырып мәлімдеді.
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусым жұмаға сәйкес келеді. Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
2025 жылғы маусымда қалай демаламыз:
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
6, 7, 8 маусым – демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
6 маусым – демалыс,
7 маусым – жұмыс күні,
8 маусым – демалыс.