Путин мен Ердоғанның не туралы сөйлескені белгілі болды

11 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: EPA

Владимир Путин мен Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, келіссөздерді қайта бастау туралы талқылады, деп жазды Кремль.

Ресей Президентінің ресей-украин тікелей келіссөздерін қайта бастау бастамасы егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл келіссөздерді 15 мамырдан бастап Ыстамбұлда өткізу ұсынылды.

Режеп Тайип Ердоған бұл ресейлік ұсынысты толығымен қолдайтынын білдіріп, келіссөздер үшін Ыстамбұл алаңын ұсынуға дайын екенін атап өтті. Түрік тарапы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізуге барынша қолдау көрсететін болады.

— Ресей Президенті Мәскеуде Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар және осы күндері өткен жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулер туралы әсерімен бөлісті, — делінген хабарламада.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, соның ішінде энергетика саласындағы стратегиялық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ортақ қызығушылық танытты.