Елімізге Абу-Дабидің тақ мұрагері ресми сапармен келді

11 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Сапар аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері жоғары деңгейде талқыланады.

БАӘ – Қазақстанның араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Екі мемлекеттің басшылығы тауар айналымын $1 млрд-қа дейін ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауда.