2025 жылы Құрбан айт қай күнге түсіп тұр

11 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін былтырғы жыл соңында бекіткен болатын. Биыл Құрбан айт 6 маусым күні басталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

2025 жылғы Құрбан айттың 3 күні 6 маусымнан 8 маусымға дейін белгіленген. 6 маусым – демалыс күні.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.