Астанадан Түркияға жаңа әуе рейстері іске қосылатын болды

Бүгін, 00:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазақстандық Flyarystan лоукостері 2025 жылдың 28 мамырынан бастап алғаш рет Астанадан Түркияның Анталья провинциясындағы Газипашаға тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Қазақстан астанасынан Газипашаға рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері 28 мамыр мен 29 тамыз аралығында ұшады.

FlyArystan туроператорлармен серіктестікте Антальяға биылғы мамыр мен қыркүйек аралығында келесі бағыттар бойынша чартерлік рейстер ұсынады:

Атырау - 24 мамырдан 30 тамызға дейін, бейсенбі және сенбі күндері;

Ақтау - 23 мамырдан 31 шілдеге дейін жұма күндері, 2 тамыздан 31 тамызға дейін сенбі күндері;

Шымкент - 28 мамырдан 31 тамызға дейін, сәрсенбі және жексенбі күндері;

Ақтөбе - 23 мамырдан 29 тамызға дейін, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері;

Орал - 23 мамырдан 5 қыркүйекке дейін, сәрсенбі және жұма күндері;

Қарағанды - 31 мамырдан 30 тамызға дейін, сенбі;

Қостанай - 22 мамырдан 13 қыркүйекке дейін, сенбі;

Қызылорда-29 мамырдан 28 тамызға дейін, бейсенбі ұшады.

Газипаша мен Антальяға чартерлік рейстерге билеттерді туроператорлардан алуға болады. Билет құнына 20 кг багаж, 5 кг қол жүгі және борттағы ыстық тамақ кіреді. Билеттер мен турлар туралы соңғы ақпаратты қалаңыздағы туристік агенттіктерден білуге болады.