1600-ден астам жауынгер ант берді

10 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: дереккөз

Десанттық-шабуылдау әскерінің 1600-ден астам жауынгері Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Жас сарбаз курсынан өтіп, Алматы, Жетісу және Қонаев гарнизондарындағы десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар әскери ант берді.

Ант бергенге дейін жас сарбаздар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығын меңгерді.