Талдықорғанда өткен бәйгеде бір бапкер баптаған 3 сәйгүлік жеңімпаз атанды (ВИДЕО)

Бүгін, 13:12 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Жетісу облысы әкімінің кубогы үшін республикалық бәйге турнирі аяқталды.

Ел көлемінен 100-ден астам шабандоз қатысқан дүбірлі додада қазақтың тұлпарлары тектілігін танытып, бәйге жанкүйерлерін ерекше әсерге бөледі.

Жарыс төрт негізгі ат жарысы түрінен өтті: құнан бәйге, топ бәйге, жорға жарысы және аламан бәйге. Әр санатта оза шапқан сәйгүліктер мен шабандоздар арнайы кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетерлігі, құнан, топ және аламан бәйге жарыстарында Алматы облысы Балқаш ауданының бапкері Жамбыл Бөбекбай баптайтын жылқылар мәреге бірінші болып жетті.

Құнан бәйге жүлдегерлері:

• 1 орын – “Максимус”, шабандозы Аңсар Арыстанбек (Балқаш ауданы) – 1 000 000 теңге

• 2 орын – “Райхан”, Мерей Гариппулин (Балқаш ауданы) – 500 000 теңге

• 3 орын – “Латифа”, Хамза Амангелді (Балқаш ауданы) – 300 000 теңге

• 4 орын – “Қарлығаш”, Нұрали Айтқабыл (Ақсу ауданы) – 200 000 теңге

• 5 орын – “Миллион”, Мансұр Кеңшілік (Көксу ауданы) – 100 000 теңге

Топ бәйге жүлдегерлері:

• 1 орын – “Жүзген”, Мерей Гариппулин (Балқаш ауданы) – 2 000 000 теңге

• 2 орын – “Ханшайым”, Нұрали Байтуров (Талғар қаласы) – 1 000 000 теңге

• 3 орын – “Күреңқыз”, Ақжүрек Жақан (Ескелді ауданы) – 300 000 теңге

• 4 орын – “Томиристар”, Нұрали Айтқабыл (Қаратал ауданы) – 200 000 теңге

• 5 орын – “Мастерлайн”, Имрат Баширов (Астана қаласы) – 100 000 теңге

Жорға жарысы жүлдегерлері:

• 1 орын – “Томирис”, Артем Самородов (Сарқан ауданы) – 300 000 теңге

• 2 орын – “Қазына”, Нұры-Александр Колюжный (Алматы қаласы) – 200 000 теңге

• 3 орын – “Ақмаржан”, Ералы Елубай (Алакөл ауданы) – 100 000 теңге

Аламан бәйге жүлдегерлері:

• 1 орын – “Шаңқобыз”, Аңсар Арыстанбек (Балқаш ауданы) – 3 000 000 теңге

• 2 орын – “Қаһарман”, Нұрали Айтқабыл (Талдықорған қаласы) – 2 000 000 теңге

• 3 орын – “Жебе”, Таңжарық Мұхамет (Талдықорған қаласы) – 1 000 000 теңге

• 4 орын – “Әлемқасқа”, Болат Абдукарим (Кербұлақ ауданы) – 500 000 теңге

• 5 орын – “Айбалта”, Әлімжан Әзімхан (Алғабас ауылы) – 300 000 теңге.