Қазгидромет Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін, 11:01 / Нұрлан Әлинұр
Freepik

Түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

— 2025 жылғы 10 мамырда түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.