Азия чемпионаты: Қазақстандық ескекшілер алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 09:13 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жұптасып байдаркада 500 метрге жарыста Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова мәреге бірінші келді. Одан кейінгі сатыға Қытай (Хуан Цзеи, Ден Меи) мен Жапония спортшылары жайғасты. 

Тәжірибелі Ольга мен Ирина ұзақ жылдан бері Ұлттық құрама сапында. Азия чемпионатына 2007-2009 жылдан бері қатысып, бірнеше мәрте чемпион атанған. 

Айта кетерлігі, мұнда қытайлық спортшы Хуан Цзеи Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы (Инчхон, Джакарта) және жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Қазір Қазақстан командасында 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль болды. Қалған қашықтықтарда финал кешке дейін жалғасады.