Танымал әнші туыстарының тойында қолындағы құнды сақинасын той иелеріне шешіп берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Төлеш атаның 90жасына барып бата алдым. Шаңырақ көтергендеріне 65 жыл болған екен. Баршаңызға осындай қадірлі отбасы болу бұйырсын! Болашақта қызыма бұйыртсын деп қолымнан шешіп, апамның саусағына бриллиант сақинамды кигіздім. Осындай әдемі қартаю біздің де маңдайымызға жазылсын», - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, бұған дейін Мақпал Жүнісова сахнада тұрған сәтінде кішкентай қызға қолындағы бриллиант сақинасын шешіп берген болатын.