"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, алдағы екі күн ішінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл – ел аумағына оңтүстіктен жылжыған циклонның әсері, деп жазады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын күтіледі, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Атап айтқанда:
10 мамырда – еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында,
10–11 мамыр аралығында – шығыс өңірлерде,
11 мамырда – батыс аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сонымен қатар жел күшейіп, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Дегенмен, кейбір аймақтарда аптап ыстық сақталады:
Солтүстік-батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +20°C-қа дейін, ал күндіз +35°C-қа дейін көтеріледі.
Солтүстікте түнгі уақытта +17°C, күндіз +23°C шамасында болады.
Оңтүстікте түнде +20°C болса, күндіз +37°C-қа дейін ысиды.
Елдің қалған бөлігінде температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды, ауа райы біршама тұрақты сақталады.