Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесіне арналған марапаттау парағын табыстады

9 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген. 

Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Кемел Тоқаев марапат Владимир Путин Кеңес Одағының батыры