Ескекші Стелла Суханова Азия чемпионатында күміс жүлде еншіледі

9 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден сары құрлық чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Стелла Суханова 1 000 метрге байдаркамен жарыста күміс жүлдегер атанды. Бұл сында Қытай спортшысы мәреге бірінші жетті. Үздік үштікті Иран ескек есу шеберлері түйіндеді. 

Айта кетейік, финалдар әлі жалғасып жатыр.

Тэгтер:

күміс Азия чемпионаты Ескекші