Президент Мәскеудегі әскери шеруге қатысқан қазақстандық сарбаздарға құрмет көрсетті

9 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысы Мәскеудегі Қызыл алаңда әскери шеруге қатысқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қарулы Күштер Мәскеу әскери шеру сарбаздар Қызыл алаң