Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Кремльде қарсы алды

9 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.

Тэгтер:

Тоқаев Ресей Мәскеу Владимир Путин 9 мамыр Жеңіс күні