Қорғаныс министрлігі маңызды ескерту жасады

9 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Фото: Ақорда

Елордада 8 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқан жеке құрам мен әскери техниканы тұрақты орналасқан жеріне әкету іс-шарасы басталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әскери техника теміржол көлігімен де, өзін жүргізу арқылы да тасымалданады. Іс-шара 14 мамырда аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына байланысты азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», - деп жазылған хабарламада.

Тэгтер:

Ескерту техника Қорғаныс министрлігі әскери шеру