Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды

9 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Freepik

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

- 2025 жылғы 9 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.