Ақтөбе облысында жол апатынан анасы мен баласы қаза тапты

8 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, оқиға орнында анасы мен баласы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға Ақтөбе-Атырау тасжолының Темір ауданы аумағында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан 31 жастағы әйел мен 3 жасар баласы көз жұмды. Ал жүргізуші мен 10 айлық баласы ауруханаға жеткізіледі.

«Жол-көлік оқиғасынан соң Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жол-көлік апатынан ауруханаға түскен жүргізуші үйіне шықты. Ал бала қазір көпсалалы облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.

«10 айлық қыз бала қазір ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Бала Жол апаты Ақтөбе облысы ана