Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті

8 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Жеңістің 80 жылдығына орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан ардагер тыл еңбеккерлеріне барып, құрмет көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚХА өкілдері Валентина Усачева, Сапар Нұрмагамбетова және Күләш Исабековаға барып, құрмет пен алғыс белгісі ретінде арнайы азық-түлік өнімдері салынған себеттерін табыстады. Сондай-ақ, ардагерлерге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мұндай кездесулер аға ұрпаққа құрмет пен қолдау көрсету маңыздылығын еске салады.

Тэгтер:

Қарағанды облысы ардагер 9 мамыр жеңістің 80 жылдығы тыл еңбеккерлері