Қазақстандық үш семсерлесуші Қытайдағы Гран-при турниріне қатысады

8 мамыр, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Халықаралық турнирде ел намысын үш спортшы қорғайды.

Ерлер арасындағы жарысқа Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семенов қатысады.

Әйелдер арасында жүлде үшін Софья Актаева таласады.

Гран-при 16-18 мамыр аралығында өтеді.

Тэгтер:

Турнир Семсерлесу Гран-при семсер