Сәкен Майғазиевтің анасы Президенттен марапат алды

8 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!», – деп жазды әнші.

Тэгтер:

Президент Медаль ана Сәкен Майғазиев марапат 9 мамыр жеңістің 80 жылдығы Ұлы Отан соғысы