Robozerde-2025: Халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бүгін, 15:13 / Інжу Әлихан

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I Халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.

Мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға елміздің барлық өңірінен және Қырғыз елінен 10-18 жас аралығындағы оқушылар қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дәрежелі дипломдар, ақшалай сыйлықтар, медальдар мен арнайы кубоктер берілді.

«Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I Халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

«Басқару симуляторы» санаты бойынша:  

1-орын: Нсанбаев Әлихан (Батыс Қазақстан облысы)

2-орын: Муравьев Тимофей (Қарағанды қаласы), Бақтығали Рауан (Батыс Қазақстан облысы)

3-орын: Төлеген Тамырлан (Батыс Қазақстан облысы), Айдар Ислам (Батыс Қазақстан облысы), Жаңаталап Ислам (Батыс Қазақстан облысы)

«My Extra Case Competition» шығармашылық санаты бойынша:

1-орын: «Codi Science» командасы (Астана қаласы)  

2-орын: «Fixiki» командасы (Ақмола облысы)

3-орын: «Oyna» командасы (Астана қаласы), «Business Woman» командасы (Шымкент қаласы), «Powerpuff» командасы (Астана қаласы)

«Инверсті сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:

1-орын: «Robo Com» командасы (Астана қаласы)

2-орын: «Smart Bala» командасы (Астана қаласы), «Irone Pulse» командасы (Жамбыл облысы)

3-орын: «Маңғыстау» командасы (Маңғыстау облысы), «RoboFox» командасы (Қостанай облысы), «RoboWay» (Астана қаласы)

«Мерген» санаты бойынша:

1-орын: «Aloft» командасы (Көкшетау қаласы)

2-орын: «Robo Men» командасы (Солтүстік Қазақстан облысы), «Spiner Bot» командасы (Жамбыл облысы)

3-орын: «Nano Falcons» командасы (Абай облысы), «Robocop» командасы (Астана қаласы), «ShunDas58» командасы (Астана қаласы)

«Micro-FPV» санаты бойынша:

1-орын: Муравьев Тимофей (Қарағанды қаласы)

2-орын: Нсанбаев Алихан (Батыс Қазақстан облысы)

3-орын: Төлеген Тамырлан (Батыс Қазақстан облысы)

«Дрон футболы» санаты бойынша:

1-орын: «ОБТШО» командасы (Батыс Қазақстан облысы)

2-орын: «URBAN OVERMIND DRONESOCCERS» командасы (Астана қаласы)  

3-орын: «Орден Феникса» командасы (Астана қаласы)

Айта кетейік, биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өткен фестивальдің ұйымдастырушылары – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицей, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Astana IT University, Астана қаласының «Роботек» білім беру робототехника мектебі, «KAZ ROCKETS» қоғамдық коры, «My Extra Lab» ЖШС.

 

Тэгтер:

Еуразия ұлттық университеті