Батыс Қазақстан облысында прокурор өз-өзіне қол жұмсады

8 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурор суицид жасаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

«Мой город» сайтының ақпаратынша, аудандық прокуратураның қызметкері өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жасаған. Аталған ақпаратты облыстық прокуратура растады.

«Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура болған жағдайға байланысты қайғыра көңіл айтады», – деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері.

Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. 

Тэгтер:

суицид Батыс Қазақстан прокурор Теректі ауданы