Димаш Құдайберген жаңа әніне қатысты челлендж жариялады

8 мамыр, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.

Шарттары:

Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады.

Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады.

Тэгтер:

концерт Бейнебаян ән Димаш Құдайберген Челлендж