Жазда қосымша 11 пойыз жүреді

8 мамыр, 2025 / Алуа Арман
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы жаз мезгілінде 11 қосымша теміржол бағытын іске қосады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында төмендегі пойыздар қатынайтын болады: 3 Тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады:

№253/254 «Астана — Достық»  (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.

№207/208 «Алматы — Жаланашкөл»  (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.

№211/212 «Алматы — Достық»  (Тальго) пойызы күнара қатынайды.

№221/222 «Алматы — Достық» пойызы аптасына 3 рет қатынайды.

№457/458 «Семей — Достық» пойызы күнара қатынайды.

№459/460 «Өскемен — Достық» пойызы күнара қатынайды.

«Алматы — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

«Қызылорда — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

«Павлодар — Достық» бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.

№201/202 «Астана — Алматы» пойызы күн сайын жүреді.

№203/204 «Астана — Шымкент» пойызы күн сайын жүреді.

Қосымша пойыздардың іске қосылуы 270 000-нан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

Пойыз ҚТЖ жаз жолаушылар тасымалы