Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

8 мамыр, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

- 2025 жылғы 8 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.