Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, қазақстандық танымал журналист Диас Ахметшәріп инсульт алып, жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық журналист Жанна Ойшыбаева Facebook желісіндегі парақшасында Диас Ахметшәріптің комаға түсіп, Ақтауда жансақтау бөлімінде жатқанын, оның жағдайы ауыр екенін жазды.
Жағдайдың мән-жайын NUR.KZ тілшісіне Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы мәлім етті.
"Пациент инсульт алған, миына қан құйылған. Жағдайы өте ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді медициналық ұйым өкілі. Ал басқа мәлімет пациенттің туыстарының рұқсатынсыз жарияланбайтынын ескертті.