Бөтен көліктің төбесіне секіріп, терезелерін сындырған адам ұсталды (ВИДЕО)

7 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында құқық қорғау органдары 37 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өзгенің көлігінің үстіне секіріп, әйнегі мен фараларын сындырған. Оқиғаны Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі растаған.

Әлеуметтік желіде ер адамның Audi көлігінің төбесіне секіріп, аяғымен алдыңғы әйнекті сындырып, фараларды тепкілеген сәті түсірілген видео тарады. Кейін ол Subaru көлігіне отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні Байтик Баатыр көшесінде, Горький көшесімен қиылысқа жақын маңда болған. Audi көлігінің иесі арыз жазған. Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабымен іс қозғалды.

Жанжал шығарған адам ұсталып, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның 37 жастағы Т.Ы. есімді азамат екені анықталды.

Тэгтер:

көлік Қырғыз Республикасы Бішкек жанжал Audi