Шымкент қаласында жылан көбейіп барады

7 мамыр, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: shinkarenkostas.livejournal.com

Шымкенттік тұрғындардың шақыруы бойынша ТЖМ құтқарушылары 4 жыланды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкент қаласында жеке үйдің тұрғындары 112 пультіне үйлерінде бауырымен жорғалаушылардың жүргені туралы хабарлаған.

«Құтқарушылар шақырту орындарына жедел жетіп, арнайы құралдың көмегімен 4 рептилияны ұстап алып, ыдысқа салып, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін оларды елді мекеннен қауіпсіз жерге жіберді», - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Тэгтер:

Шымкент үй ТЖМ жылан рептилия